Бокстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құраммен барады
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде еліміздің 3 былғары қолғап шебері 4т жылда бір рет келетін дүрмекті додаға жолдама алды.
Ерлер арасында 63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы молдовалық Александр Парасчивті 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиада квотасын иеленді. Осылайша, Мырзағали Айтжановтың шәкірттері Олимпиадаға толық құрамда баратын болды.
Қазақстан әйелдер құрамасы үздіктерінің бірі Назым Қызайбай мен Валентина Хальзова Париж Олимпиадасына жолдама алды.
Назым Қызайбай 50 келі салмақта Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті. Енді ол алғаш рет Олимпиадаға қатысады.
Валентина Хальзова 75 келіде колумбиялық Ширеледейз Орозоконы жеңді. Боксшының турнир кеезінде Украина мен Моңғолияның өкілдерінен де мерейі үстем болды.
Бұған дейін ерлер арасында 63 және 64 келіде Олимпиадаға мына боксшылар қатысқан болатын:
2021 жыл. Токио Олимпиадасы
63 келі. Закир Сафиуллин (1/4 финал)
2016 жыл. Рио Олимпиадасы
64 келі. Абылайхан Жүсіпов (1/16 финал)
2012 жыл. Лондон Олимпиадасы
64 келі. Данияр Елеусінов (1/4 финал)
2008 жыл. Бейжің Олимпиадасы
64 келі. Серік Сәпиев (1/4 финал)
2004 жыл. Афина Олимпиадасы
64 келі. Нұржан Кәрімжанов (1/4 финал)
2000 жыл. Сидней Олимпиадасына қатыспады.
1996 жыл. Атланта Олимпиадасы
63,5 келі. Болат Ниязымбетов (қола жүлде).
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ