Боранбаевқа тиесілі болған Астанадағы 1,4 млрд теңгенің қонақ үй кешені әкімдік балансына өтті
Қазан айында белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың компанияларынан Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешені мемлекет меншігіне өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы – 900 млн теңгеге жуық. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр.
Бүгін Орталық коммуникация қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатындан журналистердің бірі Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке «Олигарх Қайрат Боранбаев тергеумен келісіп мемлекетке кейбір активін мемлекетке қайтарды. Оның ішінде «Comfort Hotel Astana» қонақүй кешені мен «Fitnation» фитнес орталығы бар. Онда оңалту және білім беру орталықтары ашылуы керек болған. Бұл орталықтар ашыла ма?» деп сұрақ қойды.
Мегаполис басшысы қалада мұндай нысандар жетіспейтінін айтты, сондай-ақ мемлекет меншігіне өткен қонақүй кешені әкімдіктің бақылауына өтенінін жеткізді.
Әкімдік балансына «Comfort Hotel Astana» кешені өтеді, ал фитнес орталықтар берілмейді. Бүгінде қонақүйді (әкімдік балансына беру – авт.) процесі жүріп жатыр. Осы жұмыс аяқталғасын не істейтініміз белгілі болады. Елордада осындай деңгейдегі қонақүйлер жетіспейді. Бұл нысан әрі қарай жұмысын жалғастыруы мүмкін, - деді әкім.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ