присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Бәрі бір адамды құтқармақ болған»: Түркістан облысында суға кеткен 11 адам туралы жаңа дерек

22 тамыз 2023 11:48
«Бәрі бір адамды құтқармақ болған»: Түркістан облысында суға кеткен 11 адам туралы жаңа дерек

Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға кетті. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын хабарлады.

Туыстарының айтуынша, бір әулеттің мүшелері тойдан кейін демалуға тоқтаған. Ешкімнің суға түсу туралы ойы болмаған, яғни арнайы суға түсу үшін тоқтамаған. Жаға тайғақ болған соң біреуінің аяғы тайып кеткен. Артынша басқалары оны құтқаруға ұмтылған, - деді ол.

Әкімдік өкілінің айтуынша, барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Яғни, олар суға түсуге немесе демалуға барды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері қайғылы жағдайға тап болды. 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-ауы – ересек. Өкінішке қарай, 8 адамның мәйіті табылды, қалған үш адам іздестіріліп жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру