ДДСҰ пандемия мерзімін тағы үш айға ұзартты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше комитетінің 14-отырысында коронавирустық пандемия мерзімін тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылданды.
Комитет мүшелері COVID-19-дан өлім-жітімнің басқа респираторлық ауруларға қарағанда көп екеніне алаңдаушылық білдірді. Сонымен бірге табысы аз және орташа дамыған елдерде бұл ауруға қарсы вакцина қоры жеткіліксіз екенін атап өтті.
Сарапшылардың пікірінше, бүкіл әлемде жаппай иммунитеттің қалыптасуы инфекцияны жоюға көмектеседі. Алайда, коронавирус болашақта адамдар мен жануарларда тұрақты патогенге айналуы мүмкін.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ