присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

10 маусым 2024 17:32
Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды,

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі –  «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз, – деп атап өтті Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 2020-2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды. Бұған дейін Мусин отставкаға өзі өтініш бергенін мәлімдеп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Менің отствкаға өтініш бергенімді естіген боларсыздар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысына сенім білдіріп, еліміздің цифрландыру саласын  басқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді, 2020 жылдан бері көп іс тындырылды, алда талай шаруа күтіп тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдегі ең дамыған цифрлық елдердің бірі деп атауға болады. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен жетістігіміз – цифрлық мемлекеттік қызметтерді мақтан тұтамын, - деп жазды Мусин.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру