Францияның бұрынғы президенті Саркозиге қатысты сот шешімі шықты
Париж қаласының апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге қатысты шешім шығарды. Ол «телефонды тыңдау ісі» бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Eadaily.com-ның хабарлауынша, Николя Саркози 2021 жылы сыбайлас жемқорлық, құпия телефон желісімен тыңдау әрекеттерін жасады деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол үш жылдың екі жылын шартты түрде өтеп, енді қалған бір жылын электрон білекзікпен үйқамақта өтейді.
Тергеудің мәліметіне қарағандаСаркози адвокатының көмегімен судья Жильберт Азиберге Монако Князьдігінде қызметке тұруға көмектесуге уәде берген. Дәлел ретінде тергеуге тыңдалған біршама телефондар әкелінді. Осыдан кейін Саркозиге «телефонды тыңдау ісі» бойынша айып тағылды. Айыптау қортындысында Саркози мен оның бұрынғы адвокаты Тьерри Герцог арасындағы әңгіме анықталған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ