присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды

15 мамыр 2023 14:40
Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды

Газ өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен 3 жұмысшы 2 мамырда санавиация арқылы Астана қаласындағы медициналық мекеме ауруханасына шұғыл түрде жатқызылған. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен екеуі жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Бір науқас Астанадағы ауруханада, тағы бірі Ақтөбеде ем-дом қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысының Жаңажол кен орнындағы газ зауытындағы өрт 1 мамырда болған еді. Ол 14 сағаттан соң сөндірілді. Өрт кезінде күйік шалған 4 жұмысшы ауылдан қалаға жеткізілген болатын.

Болған жағдайға байланысты комиссия құрылды. Комиссия компаниялардың басшыларын, орындаушыларды жауапкершілікке тарта отырып, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өңірдің барлық мұнай өндіруші кәсіпорындарын тексереді. Сондай-ақ өңірде мұндай жағдайларға жол бермеу туралы жол картасы әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, ҚР ҚК-нің 292-бабы («Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Ақтөбе облысының әкімдігі қайтыс болған жұмысшылардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру