Газа секторында келісім ұзартылды
Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы келісім екі күнге ұзартылды. ХАМАС тағы 11 адамды тұтқыннан босатты.
Тұтқыннан босатылған адамдардың арасында Францияның 3, Германияның 2 және Аргентинаның 6 азаматы бар. Ал Израиль кәмелетке толмаған 30 бала мен 3 әйелді бостатты.
Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім сейсенбіде аяқталды. Бірақ бітім тағы екі күнге, бейсенбі күнгі таңғы сағат 7:00-ге дейін ұзартылды.
Келісім бойынша жұмадан бастап ХАМАС күн сайын 13 израильдік кепілге алынған әйелдер мен балаларды, ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен жасы 19-ға толмаған жастарды түрмеден босатады.
Қазір ХАМАС ұйымы қамауға алған 240-қа жуық тұтқынның 73-і босатылды.
Жексенбіде жүк көліктері алғаш рет Газа секторының солтүстігіне барды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ