Грекиядағы өрт: СІМ қазақстандықтардың қатысы барын жоққа шығарды
Сыртқы істер министрлігі Грекиядағы өртке Қазақстан азаматтарының қатысы барын жоққа шығарды.
Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полиция мәліметінше, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, – деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Грекиядағы Гидра аралында шыққан өртке қазақстандықтардың қатысы бары хабарланған еді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ