Иманғали Тасмағамбетов Тәжікстан президентімен кездесті
Душанбеде ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының баспасөз қызметі.
Эмомали Рахмон саяси өзара іс-қимылды, ҰҚШҰ-ның халықаралық қызметін кеңейту, әскери, әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру маңызды екенін атап өтті.
Кездесуде терроризм, экстремизм, радикализм және есірткі контрабандасы, киберқылмыс пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы бірлесіп күресу өзекті екені айтылды.
Қос тарап Ауғанстандағы жағдай әрі халықаралық және өңірдегі күн тәртібінде тұрған басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ