inDrive - әлемдегі ең көп жүктелген №2 сапарларға тапсырыс беру қосымшасы
Алматы, 2024 жылғы 22 қаңтар – Data.ai мәліметтері бойынша, 46 елде жұмыс істейтін inDrive көлік және қалалық қызметтерінің жаһандық платформасы 2023 жылдың нәтижесі бойынша қалалық сапарларға тапсырыс беруге арналған қосымшалардың жүктеп алу саны бойынша әлемде екінші орында. Компания осы орынды екінші жыл қатарынан сақтап отыр. Сонымен қатар саяхат санатында inDrive әлем бойынша төртінші орынға ие болды.
Қазақстанда қасымша «күміс» алып, қала бойынша сапарларға тапсырыс беру қоысмшалардың арасында екінші орынға ие болды. Ал 13 елде inDrive 2023 жылы ең көп жүктеп алынған көлік қосымшасы болды. Атап айтқанда, Пәкістан, Колумбия, Мысыр, Перу және Марокко сияқты мемлекеттер қосымшаны жиі жүктеген.
Google Play және App Store деректері бойынша (Қытайда тек iOS бойынша деректер) 2023 жылы inDrive қолданбасы 66,6 миллион рет жүктеп алынған, деп хабарлайды data.ai.
Арсен Томский, inDrive компаниясының негізін қалаушы және бас директоры:
«Біз inDrive-тың сапарларға тапсырыс беру бойынша әлемдегі екінші ең танымал қосымша ретіндегі орнын сақтап қалғанына қуаныштымыз. Бұл біздің команданың керемет жұмысы мен пайдаланушылардың бізге деген сенімін білдіреді. Біздің миссиямыз — әлеуметтік әділетсіздікке жол бермеу, сонымен қатар біз тиімді бағамен сапалы көлік қызметтерін ұсынып, адамдарға нақты табыс мүмкіндіктерін жасау міндеттемесін берік ұстанамыз. Біз осы маңызды кезеңді атай отырып, inDrive жетістіктері шын мәнінде жүктеп алу санымен ғана емес, сонымен бірге біздің қауымдастықтарға және жалпы әлемге кеңірек әсер ету арқылы есептелетінін ұмытпаймыз».
inDrive платформаға жаңа қызметтерді қосып, жұмыс географиясын кеңейте отырып, қарқынды дамып келеді. Өткен жылы inDrive бірнеше жаңа аймақтарда, соның ішінде АҚШ-тағы Майами мен Оңтүстік Флоридада іске қосылды. Қазақстан негізгі нарық болып қала береді. Мұнда компанияның ең ірі операциялық хабы, жеті жұмыс істейтін бизнес бағыты және бірнеше ауқымды әлеуметтік жобалары бар.
Жылдам өсуіне қарамастан, компания қол жетімді көлік нұсқалары мен табыс мүмкіндіктерінің жоқтығымен, сондай-ақ басқа да теңсіздіктермен күресу үшін өзінің бірегей баға моделін (қызмет бағасы тапсырыс беруші мен орындаушы арасында белгіленеді) пайдалануды жалғастыруда. inDrive әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұруды мақсат ететін өзінің жаһандық миссиясын ұстануды жалғастыруда. Сондай-ақ, компания сондай-ақ зиянды заттардың шығарылуын азайтуға ұмтылады және Қазақстанмен қоса әртүрлі аймақтардағы паркін электрлік мотоциклдермен толықтыра бастады.
inDrive туралы
inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан мобильді және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп әлемдегі ең көп жүктелген сапарға тапсырыс беруге арналған қолданбаларының бірі. Сапарлардан басқа, inDriveқалааралық және жүк тасымалын, шеберді шақыру және курьерлік жеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады.
inDrive 46-дан астам елде қызмет көрсетеді. Компания білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды.
Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ