присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Иранға мұздатылған ет экспортталмақ

07 желтоқсан 2023 09:59
Иранға мұздатылған ет экспортталмақ

Тегеранда Иранның ветеринарлық ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин екіжақты меморандумға қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құжат мұздатылған етті жеткізудің жаңа экспорттық жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Бұған дейін қазақстандық өндірушілер Иранға 3 күн сақтауға болатын салқындатылған сиыр етін ғана жеткізетін.

Уағдаластық туралы құжатта төмендегі талаптар қарастырылған:

  • Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар;

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

  • Иранның сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстанға импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу;

ЕАЭО және Қазақстан инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін ЕАЭО аумағына және Қазақстанға сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

  • Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар. 

Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге созу бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру