присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

13 қаңтар 2023 12:09
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығы шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС-нің құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС-нің техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру