присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қахраманмарашта тағы екі рет жер сілкінді

01 наурыз 2023 09:57
Қахраманмарашта тағы екі рет жер сілкінді

7,7 және 7,6 балдық зілзаладан соң кейінгі дүмпулер жалғасуда. Жер сілкінісінің ошағы Қахраманмарашта Түркия уақытымен кешкі сағат 17:39-да 4,5 және 17:49-да 4,1 балдық жер сілкінісі болды.

Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Ал 28 ақпан күні зілзала ошағы Қахраманмарашта қатарынан екі рет дүмпу тіркелді.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Онекішұбат ауданында сағат 17:39-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 9,88 шақырым. Арадан 10 минут өткен соң, яғни 17:49-да күші 4,1 балға жеткен екінші жер сілкінісі тіркелді. Мұның тереңдігі 13,61 шақырым деп жарияланды.

Әбден қорыққан халық бұл жолы да үрейленді. Айта кетейік 6 ақпан күні Қахраманмарашта болған жер сілкінісінен 45 мыңға жуық адам қаза тапқан.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру