Қарағанды облысында дауылдан зардап шеккен аймақтарға төтенше жағдай жариялау тапсырылды
Қарағанды облысының әкімі ауа райынан зардап шеккен қалалар мен аудандарда төтенше жағдай жариялауды тапсырды.
Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауыл соқты. Құтқарушылар ауа-райының салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім Ермағанбет Бөлекпаевқа өңірдегі жағдайды ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов баяндаған.
18-19 қарашада аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттың шатырлары мен қабырға қаптамаларының зақымдануы тіркелді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метр болды. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара өшіп қалды. Қазір облыстың елді мекендерінің басым бөлігі электр энергиясына қосылған. Үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ ағаштардың қирауы мен құлау қаупі туралы 85 хабарлама түсті, – деді Мұрат Қатпанов.
Ермағанбет Бөлекпаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне қысқа мерзімде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруді тапсырды. Төтенше жағдай жариялап, барлығын заң аясында жасау керектігін тілге ескертті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ