присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қаскелеңде әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кетті

11 тамыз 2023 14:48
Қаскелеңде әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кетті

Алматы облысы Қаскелең қаласында перзентханада жатқан әйел ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кетті. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева Іnstagram-да жариялады.

Видеода дәрігерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

Пациент үшінші қабаттан құлады. Ол перзентханаға төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған. Соның бәрі де  сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ал үшінші баласы іште шетініп кеткен. Пациент терезеден секірер алдында жанында медбике болған. Медбике оған дәрісін беріп тұрған. Сол кезде ол медбикені итеріп жіберіп, өзі терезеден секіріп кеткен, – деді перзентхананың өкілі.

Сонымен бірге ол УЗИ баланың қозғалмай жатқанын, баланың жүрегі тоқтап қалғанын анықтағанын айтты.

Терезеден секірген әйел перзентханаға ішінде баласын жоғалтқанын біліп түскен.  Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген, – деді перзентхана өкілі.

Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасының мәліметіне қарағанда, қазір әйелдің жағдайы қалыпша. Ол аяқ-қолын сындырған. Бас сүйегіне қатты зақым келмеген.

Перзентхананың бөлім меңгерушісінің айтуынша, пациент операциядан кейін төрт күн реанимацияда жатты. Босанғаннан кейін қатты күйзеліске түсіп, емделуден бас тартты. Өте ашушаң болды.  Оны анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург тексерді. Барлық қажетті сараптамалар жасалып, жансақтау бөлімінде жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру