«Қазақмыс» кеншілері наразылыққа шықты: өндіріс орнында жұмыс тоқтаған
14 тамызда түнгі ауысымға түскен «Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, наразылыққа шыққан.
«Қазақмыс» баспасөз қызметі өндіріс орнында жұмыстың тоқтағанын растады.
Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды.
Қазір «Қазақмыс» басшылығы мәселені шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізуде. Аймақтық жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ