присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан биыл Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алады

18 маусым 2024 16:46
Қазақстан биыл Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алады

Биыл суару маусымында елімізге Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су келеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрамына қос мемлекеттің өкілдері кіретін Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар Шу, Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді.

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары елімізге «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде мәміле жасаған болатын.

Халықаралық ынтымақтастық – біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды судың қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылып, көрші мемлекеттермен маңызды келіссөздер жүргізілді. Бүгінде Қырғызстанның су ресурстары министрлігінің басшылығымен маусымның үшінші онкүндігінен бастап, Шу және Талас өзендері арқылы су беруді ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп, су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр, –  деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру