Қазақстан дзюдо құрамасы Бразилиядан ұтылды
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан аралас командалық белдесулер өтті.
Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасына қарсы күресте қарсыластарына 4:2 есебімен жол берді.
Париж олимпиадасында дзюдодан аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңіліп, жарысты аяқтады — 2:4.
57 келіде Абиба Әбужақынова Силва Рафаэльден жеңілсе, 73 келіде Данияр Шамшаев Даниель Гарнинді жеңіп, есепті теңестірген.
70 келіде Есмигүл Куюлова Кэтлин Куадростан жеңіліп қалды.
90 келіде Абылайхан Жұбаназар Рафаэль Македо қолын тартып, иппон әдісімен жеңіп кетті — 2:2.
Жалпы Париж Олимпиадасына ерлерден 5, әйелдерден 3 дзюдошы келген.
Олардың арасынан жекелей жарыстарда Елдос Сметов чемпион атанса, Ғұсыман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ