присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерге су есептейтін қондырғылар орнатады

20 наурыз 2024 10:25
Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық өзендерге су есептейтін қондырғылар орнатады

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Өзбекстан аумағына су есептейтін құрал орнатса, өзбек тарапы да біздің елге өз қондырғыларын қояды. Сондай-ақ тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қазақстан Өзбекстанның аумағында жиналған деректерге, ал өзбек жағы біздің елдегі деректерге қол жеткізе алады.

Бұл уағдаластық бірінші кезекте географиялық тұрғыдан өзендердің бастауынан тыс жатқан біздің еліміздің мүддесі үшін өте маңызды.

Қазір қос мемлекеттің сарапшылары су есептейтін қондырғылар орнатылатын орындарды келісіп жатыр. Сондай-ақ жобаға халықаралық ұйымдарды да тарту бойынша келіссөздер жүргізілу үстінде.

Су есептейтін құралдарды орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа да көршілес мемлекеттермен осындай жобаларды іске асыру бойынша келіссөз жүргізуді бастауға ниеттіміз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру