присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан мен Норвегия ядролық қарусыз бейбітшілікке шақырады

26 шілде 2024 13:00
Қазақстан мен Норвегия ядролық қарусыз бейбітшілікке шақырады

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов «Ядролық қаруға жол жоқ» (Nei til Atomvåpen) норвегиялық ұйымының конференциясына қатысты.

Дипломат өз сөзінде адамзат алдында тұрған барлық сын-қатерлердің ішінде ядролық қаруды қолдану қаупі ең ықтимал жойқын болып табылатыны туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының жалпы дебатындағы мәлімдемесінің маңыздылығын атап өтті.

Осы тұрғыда Ә. Тұрсынов Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау ісіндегі негізгі жетістіктерін, оның ішінде ядролық қарудан өз еркімен бас тартуды, Семейдегі әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жабуды, сондай-ақ Астананың ядролық қауіпсіздік және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы барлық іргелі халықаралық шарттарды қабылдауын баяндады.

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның ядролық қарусыз жолдағы тарихи жетістіктерін жоғары бағалады, олардың пікірінше, әлемнің басқа елдері үшін бұл практикалық басшылық бола алады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру