Қазақстан сейсмология саласында Жапониямен байланысты нығайтады
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Отандық институт сейсмология саласында Жапониямен байланыс орнатып, оның тәжірибесін пайдаланады.
Ынтымақтастық бағдарламасы аясында 20-дан аса қызметкер Жапонияның сейсмологиялық орталықтарында тағылымдамадан өтті.
Бүгінгі кездесу барысында қос тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мен JICA төмендегі бағыттар бойынша байланыс орнатады:
Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы практикалық жұмыстарды орындау үшін қос елдің ғалымдары мен мамандарын тарту;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру;
Сейсмикалық оқшаулау жүйелері мен сейсмикалық қауіпсіздікті қолдану кезінде тәжірибе алмасу.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ