присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан шетелден 346 млн еуро қарыз алады

17 қараша 2022 12:25
Қазақстан шетелден 346 млн еуро қарыз алады

Сенат депутаттары «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Заңды премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Биыл президенттің 2 шілдедегі Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылды. Қарыз толық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді, - деді министр Сенаттың жалпы отырысында.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Дүниежүзілік банк қарызды Қазақстанға 11,5 жылға береді. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.

«Сыйақы ставкасы еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия да 0,25%-ды құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүргізіледі», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасын қабылдады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру