присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда 10-нан астам құс фабрикасы жабылып қалған

20 қыркүйек 2023 11:37
Қазақстанда 10-нан астам құс фабрикасы жабылып қалған

Елімізде оннан аса құс фабрикасы жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдарбек Хожаназаров айтты.

Мәжілісте отандық жұмыртқа өндірушілер мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері кездесті. Онда агенттік қабылдаған «түсініксіз» әдістеме мен шешімдерге байланысты туған мәселе талқыланды.

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының вице-президенті Ұлан Тәжібаев агенттіктің нарыққа негізсіз талдау мен бағалау жүргізу сияқты әрекетіне алаңдаушылық білдіріп, себепсіз тергеу жүргізу туралы бұйрықтар шығаратынын атап өтті.

Бүгінде қауымдастық мүшелері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменттері тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің әрекетінде бәсекелестікті бұзу белгілерінің бар екені туралы негізсіз хабарлама берумен бетпе-бет келіп отыр, - деді Ұлан Тәжібаев.

Мәжiлiс депутаты Айдарбек Хожаназаров елiмiзде құс фабрикаларының жабылып, жұмыртқа жеткiзудiң азайып бара жатқанын жеткізді.

Қазақстанда оннан аса құс фабрикасы жабылып қалған. Қазір жұмыртқамен қамтамасыз ету 120%-дан 95%-ға дейін төмендеді. Болжамға сәйкес, көрсеткіш тағы да төмендеуі мүмкін. Сала мен тұтынушыларға зиян келмес үшін ортақ ережелерді тауып, осы саладағы жұмысты қайта қарау керек, - деді ол.

Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан монополияны анықтау әдістемесін түсіндіріп, бизнеспен диалогқа дайын екенін айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру