Қазақстанда онлайн несие рәсімдеу енді оңай соқпайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі электрондық тәсілмен шағын несие беру қағидаларына түзетулер ұсынды.
Енді берешекті сіздің атыңыздан бөгде біреудің рәсімдегені сотта дәлелденсе, сіз жауапкершіліктен босатыласыз.
Одан бөлек, онлайн несие рәсімдеу қиындайды. Бұрын қарыз алғысы келген адам сайтқа тіркеліп, жеке куәлігін көрсетсе, жетіп жатыр еді. Бұдан былай ол өзінің жеке басын куәландыруы керек. Ол үшін биометриялық сәйкестендіру, электрондық цифрлық қолтаңба, екі факторлы аутентификация талап етіледі.
Жобаны талқылау Ашық НҚА-да 8 тамызға дейін жалғасады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ