Қазақстанда туристерге 20 проценттік кешбэк төленеді
Қазақстанға шетелден адам аз келетін уақытта туристерге 20 процентке дейін кешбэк беріледі. Мәдениет және спорт министрлігі тиісті ережелердің жобасын әзірледі.
Жобаға сәйкес, кэшбэк мөлшері туристердің қанша күн демалғанына байланысты болады. Мәселен, Қазақстанда 1 күн түнесе, тур құнының 5% қайтарылады. Сол сияқты 2 күнге - 10%, 3 күнге - 15%, ал ең жоғары кешбэк - 20% төрт күннен артық уақытқа төленеді.
Бұл бастама туристерге аз келетін маусымдағы турларға арналған.
"Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді. Ал туроператордан офлайн форматта сатып алған жағдайда мемлекет кэшбекті тікелей туристке қажетті құжаттар мен өтінімді жинақтап жолдаған бетте оның есепшотына жіберетін болады", - дейді мамандар.
Бүгінде тиісті ережелердің жобасы әзірленді. Туристік нарық өкілдерімен талқылау басталып кетті.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ