Қазақстанда утилизация алымы жойыла ма – министр жауабы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тағы да Қазақстанда утилизация алымы жойылмайтынын мәлімдеді.
Сенатта «Қазақстанда экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбы бойынша өткен парламенттік тыңдаудан соң журналистердің бірі министрге «Аз ғана топ утилизация алымын алып тастау туралы талап қойды. Олардың талабы ескерілмеуі дұрыс деп ойлайсыз ба?» деп сұрақ қойды.
Қанат Шарлапаев барлық мәселе заң аясында қаралуы керектігін атап өтті.
«Олардың талабын ескеру үшін заң бойынша процесс болуы керек. Утилизация алымына қарсы топтардың өкілдері Астанаға келіп, менімен тікелей сөйлесті. Үкіметте утильалымды өзгерту бойынша қазір ешқандай жоспар жоқ. Әрине, біріншіден халықтың пікірі ескерілуі керек. Бірақ оны заң бойынша іске асыруымыз шарт. Қазір утильалымға қарсы петицияға қол қойылып жатыр. Петиция аяқталғаннан кейін оны Үкімет деңгейінде қараймыз. Заң бойынша процедура осылай», - деді министр.
Сондай-ақ министр Қазақстанда утильалым жойылмайтынын тағы да қайталады.
Менің ойымша, петицияның қорытындысы Үкімет деңгейінде қаралады. Бәріне түсінікті болу үшін тағы қайталап айтамын, біз утилизациялық алымды алып тастауды қарастырып жатқан жоқпыз, - деп сөзін түйінді Қанат Шарлапаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ