Қазақстанда «Жазғы мектеп» басталады
27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, негізгі мақсат – оқушылардың білімінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру арқылы білім сапасын арттыу.
Су тасқыны болған өңірлердегі 2 622 мектептің оқушылары үшін «Жазғы мектеп» аясында өз уақыттарын пайдалы өткізу мүмкіндігі беріліп отыр. Оқыту икемді кесте бойынша қызықты форматта ұйымдастырылады. Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын, сондай-ақ қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқытудан өткен 832 мың оқушыны қамтиды деп жоспарланып отыр. Оқуға балалардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалімдер баға қоймайды және үйге тапсырма бермейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетсек, «Жазғы мектепке» балалар өз еркімен және ата-аналарының келісімі бойынша қабылданады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ