присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда жетім балалар көбейіп барады

04 маусым 2024 15:14
Қазақстанда жетім балалар көбейіп барады

Қазақстанда жетім балалар көбейіп келеді. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

«Қазір елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 115 мекеме бар. Жалпы осы мекемелерде 4 мыңнан астам бала тұрады. Ал жалпы Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 22 мың бала бар. Оның ішінде 17 мың бала қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде және туыстарымен тұрады», - деді Динара Зәкиева «Jibek Joly» телеарнасына берген сұқбатында.

Уәкіл сұқбат барысында елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны көбейіп келе жатқанын айтты. Омбудсменінің айтуынша, елімізде бір жыл ішінде 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі. Биыл бұл көрсеткіш 4 мыңнан асқан.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру