присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандағы 7 мыңға жуық білім беру ұйымы тексерілді – министр

07 наурыз 2023 10:22
Қазақстандағы 7 мыңға жуық білім беру ұйымы тексерілді – министр

Бүгінде арнайы мониторинг тобы Қазақстандағы 10 мыңнан аса білім беру ұйымының 7 мыңға жуығын тексерді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне толық тексеру жүргізу мәселесі ақпанда өңір әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткен арнайы кеңесте қаралған.

Осыған орай бірнеше мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған 162 мониторинг тобы 20 өңірде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде мониторинг тобы 10 мыңнан аса білім беру ұйымдарының 7 мыңға жуығын қамтыды. Жұмыс наурыз айының соңына дейін аяқталып, нәтижесі министрліктің алқалы отырысында қаралады, - деді министр Үкімет отырысында.

Министр білім мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігін қамтамсыз етуді одан әрі жетілдіру үшін төмендегі жұмыстарды жүргізуді ұсынды:

  • Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту;
  • Қауіпсіздік жүйелеріне мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отыру;
  • Білім беру нысандарына кіруге рұқсат берудің жаңа тәртібін әзірлеп, енгізу;
  • Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан тәрбие жұмысын жаңғырту;
  • Педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларына балалар қауіпсіздігіне қатысты жаңа курс модулін енгізу.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру