Қазақстандық киноматографшылар халықаралық сарапшылардан тегін білім ала алады
Alternativa Film Labs Орталық Азияда Development Lab бағдарламасының аясында кинематографшыларға бірегей мүмкіндіктер беретін білім беру бағдарламаларының жаңа сериясының басталғаны туралы хабарлайды.
Коммерциялық емес Alternativa Film жобасының негізгі бағыттарының бірі — өз елдерінің киноиндустриясын дамытуға және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылған, кәсіби даму жолының әртүрлі кезеңдеріндегі кинорежиссерлер үшін Alternativa Film Labs тегін білім беру бағдарламалары. 2024 жылы Alternativa Film Labs Орталық Азияда үш кинозертханадан тұратын болады. Атап айтқанда, Teen Lab, Impact Lab және Development Lab. Development Lab-қа қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 наурызда басталып, 28 сәуірге дейін жалғасады.
Development Lab шығармашылық зертханасы сценарий және продюсерлік дағдыларын дамытқысы келетін және жаңа кәсіби байланыстар орнатуды қалайтын Орталық Азия елдерінің кинематографшыларына арналған. Зертхананың мақсаты — келешекте әлеуетті серіктестер мен халықаралық кино институттарына, сондай-ақ өңірдегі тапсырыс берушілер мен продюсерлерге ұсыну үшін киножоба әзірлеу.
Development Lab оқытушылары ретінде халықаралық фестивальдердің режиссерлерінен бастап табысты продюсерлерге және халықаралық сарапшыларға дейін осы салада мол тәжірибесі бар кино практиктері болады. Олардың ішінде, мысалы, Abbout Productions кинокомпаниясының продюсері, режиссер және Доха кино институтының оқытушысы Мириам Сассин (Ливан) бар.
Development Lab бағдарламасы екі бағыт бойынша оқытуды қамтиды: продюсерлік және сценарий секциялары. Продюсерлік бөлім жобаны идеядан керекті қаржыландыруды іздеу үшін құжаттаманың толық пакетіне дейін жобаларды дамытуға көмектеседі. Сценарий бөлімі толық метражды көркем фильмдердің сценарийлерін әзірлейді. Секциялар бір мезгілде өтеді және үш модульді қамтиды. Біріншісі – маусым айының басында Бұхарада (Өзбекстан), екіншісі – онлайн негізде тамыз айының соңында, соңғысы – қазан айының соңында Алматыда (Қазақстан).
Анна Гудкова, Alternativa Film Labs басшысы: "Ұзақ оқу бағдарламалары біздің білім беру бастамаларымыздың негізгі элементі болып табылады. Development Lab жобасында біз Орталық Азиядан келген кинорежиссерлердің дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби қоғамдастық құрамыз. Қатысушылар өз жобаларына қаржыландыруды, ал продюсерлер инвестиция үшін қызықты идеялар таба алады. Бағдарламаның маңызды кезеңі - жобалар питчингі. Оған біз киноиндустрия сарапшыларын шақырамыз. Олар мықты қауымдастық құруға және Орталық Азия киносының жаңа толқынын қалыптастыруға мұрындық болады».
Development Lab-қа Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның бастапқы сатысында толық метражды көркем фильмдері бар кинематографшылар қатыса алады. Сонымен қатар, әр бөлімде әлі кино жобасы жоқ, дегенмен киноиндустрияда бағын сынап көргісі келетін әдебиет, журналистика, драматургия, бейнелеу өнері немесе видеоблогинг саласындағы авторлар үшін орындар қарастырылған. Мұндай қатысушылар әріптестерінің жобаларында жұмыс істейді. Бағдарламаға барлығы 20 адам ғана қатыса алады (әәр бөлім бойынша 10 адамнан көп емес). Бағдарлама жол жүру және тұру шығындарын көтереді. Толық ақпаратты alternativa.film сайтынан алуға болады.
Іріктеу нәтижелері 16 мамырда жарияланады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ