Қазақстандық полицейлер бір күнде аязда қалған 2 мыңнан астам азаматты құтқарды
Қазақстандық полицейлер бір күнде аязда қалған 2 мыңнан астам азаматты құтқарды.
Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталып отыр. 50-ге жуық халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар жол учаскесі жабық. Тәулік бойы Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы, Ақмола мен Жетісу облыстарының полицейлері жолдарда ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
331 жылыту пункті жұмыс істеп тұр. Онда тәртіп сақшылары 2013-ке жуық адамды эвакуациялады. Тек 14 желтоқсанның өзінде 2 мың 660 азаматқа көмек көрсетілді, оның ішінде 118 бала бар. Полицейлер болуы мүмкін ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алды, – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге қатты аяздан қатып қалған жанар-жағармайды қалыпқа келтіруге, көлікті жөндеуге көмектесті. Сондай-ақ қатты аязда ыстық шай беріп, жылытуға тырысты.
Сонымен қатар жолды көру деңгейі нашарлағанда автоколонналарды сүйемелдеу ұйымдастырылған. Ауа райы нашарлаған сәттен бастап полицейлер 3 мың 100-ге жуық адамды құтқарды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ