Қазақстандықтар 80 елге визасыз бара алады – СІМ
Қазақстан азаматтары жалпы 80 мемлекетке визасыз бара алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Бүгінде еліміз әлемнің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақстанның 70 елде 104 мекемесі жұмыс істейді.
2022 жылы визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаты бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді. Оның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін 26 мемлекет бар. Биыл паспорттардың әртүрлі санаты бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды. Олар: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикано, Албания және Белиз, - деді Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ресми өкіл Катармен визасыз режимді енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Осы жылы 12 қазанда Катармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визадан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады», - деді ол.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ