присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазпошта Қазақстанда жаңа пошта арнасын іске қосты

19 шілде 2024 14:24
Қазпошта Қазақстанда жаңа пошта арнасын іске қосты

«Қорғас құрғақ порты» халықаралық логистикалық паркінде Қазақстанда E-Packet CAINIAO пошта арнасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

ePacket Plus - Қытайдың сауда алаңдарынан Қазақстанға сәлемдемелерді қадағалау және жеткізу үшін арнайы әзірленген алдыңғы қатарлы логистикалық сервис. Бұл сервис логистиканың заманауи стандарттарына сәйкес келеді және қос елдің арасындағы электрондық коммерцияның өсіп келе жатқан нарығына бағдарланған.

Айта кетейік, бұған дейін барлық сәлемдемелер Қазақстанға аралық елдер арқылы жеткізілетін. Енді Қазақстанға тікелей жеткізілетін болады, бұл жеткізу уақытын едәуір қысқартып, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады. Бұл жетістік – жеткізу уақытын азайтуға және тұтынушылар үшін сервисті жақсартуға бағытталған қажырлы жұмыстың және Cainiao-мен жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі.

ePacket Plus жетекші электронды коммерция платформаларына арналған және пайдаланушылардың кең ауқымына қолжетімді. Осы сервис арқылы жіберілген сәлемдемелер алушыларға барынша ыңғайлы болуы қамтамасыз етіле отырып, Қазақстан бойынша пошта бөлімшелері мен поштаматтарға жеткізіледі.

Қытай базарынан ePacket Plus арқылы жіберілетін тауарлар әуе арқылы да, ер үсті көліктерімен де жеткізілуі мүмкін, бұл жеткізу процесін біршама жылдамдатады және сәлемдемелерді нақты уақытта қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Болашақта қазақстандық сатып алушылар үшін қолжетімді тауарлар ассортиментін кеңейтуге және бизнес үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіндей сәлемдемелердің ең жоғары салмағын 20 кг дейін ұлғайту қарастырылып отыр.

Біз серіктестермен бірге «Қазпошта» АҚ электрондық коммерцияның трансшекаралық нарығының толыққанды қатысушысына айналғанын мақтан тұтамыз, өйткені біздің барлық күш-жігеріміз жаһандық нарықтардың кең мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін тұтынушыларымызды қолдауға бағытталған, – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ халықаралық бизнес жөніндегі басқарушы директоры Семен Пак.

Қытайлық компания өкілі бұл ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда E-Packet CAINIAO пошта арнасын іске қосу біз үшін және біздің серіктестеріміз үшін маңызды. Біз «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастығымыз қазақстандық тұтынушылар мен бизнес үшін мүмкіндіктерді барынша жақсартатынына сенімдіміз. Біз Қытай мен Қазақстан арасындағы электрондық коммерцияны одан әрі дамытуға негіз болатындай логистикалық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге және жеткізілімдерді жедел жеткізіп беруге мақсат қойғанбыз, - деді Cainiao Group ТМД аймағы бойынша бас менеджері Ванг Чженг.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазпошта» АҚ мен «China Postal Express & Logistics Co. LTD», Қытай Халық Республикасының пошта операторы ePacket Plus сервисі арқылы қос ел арасында тауарларды жеткізу шарттарын жақсартуға бағытталған келісімге қол қойды. Осылайша екі елдің пошта операторлары жеткізу қызметтеріне тарифтерді төмендету туралы тарихи келісімге қол жеткізді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру