«Қазсушар» мекемесі тексерілді: 5 басшы жауапқа тартылды
«Қазсушар» мекемесі тексеріліп, 5 басшы жауапқа тартылды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ведомство мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша, заңбұзушылыққа жол берген «Қазсушар» мекемесінің 5 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапқа тартылды. Тексерістен соң «Қазсушар» бас директорының міндетін атқарушы лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.
«Қазсушардың» басшыларын жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапқа тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ