присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растады

03 шілде 2023 15:43
Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткенін растады

Қорғаныс министрлігі депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кетті деген ақпаратқа түсінік берді.

2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамағаны үшін гауптвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды) әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытқа қашып кеткен. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Бұған дейін депутаттың ұлының әскери бөлімнен қашып кеткенін заңгер Анна Чернова хабарлаған болатын.

Маған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Оған әскери бөлім басшысының бақылауында болсын деген бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ оны кешеден бері таба алмай жатыр. BMW көлігіне отырып, кетіп қалыпты. Бала тергеуде екенін ұмытып кеткен сияқты. Оны көргендер болса, айтыңыздаршы, - деп жазды заңгер Instagram-дағы парақшасына.

Айта кетейік, оқиға биыл 11 ақпанға қараған түні Алматыда басталған. Ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ер адам ұрып-соққан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Содан кейін ұрған адамның Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат екені анықталған болатын.

Бұл іске Қорғаныс министрі де пікір білдірген еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру