присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанай облысында су тасқыны болды

04 сәуір 2023 09:57
Қостанай облысында су тасқыны болды

Қостанайлық құтқарушылар Железнодорожное ауылындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі 6 үйді басқан еріген қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қардың қарқынды еруі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асқан.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, осы үйлерде тұратын 30-дан аса адам эвакуацияланған. Қазір олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Құлақтандыру, малды алдын ала қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жүргізілді.

Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 техника және 30 адам жұмылдырылды. Жұмылдырылған күштер мен құралдар қатты ағынға төтеп бере алмай жатқан су өткізу құбырларының жұмысын жеңілдету үшін құйылып жатқан еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру