присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанайда 4 адамның өмірін жалмаған «Оружейная палата» дүкенінің иесі 5 жылға сотталды

02 маусым 2023 12:28
Қостанайда 4 адамның өмірін жалмаған «Оружейная палата» дүкенінің иесі 5 жылға сотталды

Қостанайда «Оружейная палата» қару-жарақ дүкенінің иесі Сергей Бескровный 5 жылға сотталды. Бұл туралы «Алау» басылымы хабарлады.

Қылмыстық іске қатысты айыпталушы Сергей Бескровный «Сатурн 2012» ЖШС мен «Оружейная палата» дүкенінің иесі болған. Оған «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылған. Өрт салдарынан Кравченко, Ефимов, Неводничий мен Мырзабеков көз жұмды. Сонымен қатар, 6 адам жарақат алып, азаматтардың 491 031 129 теңге көлеміндегі мүлкіне зақым келген. Сергей Бескровный 5 жылға сотталды. Жазаны қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, «Оружейная палата» дүкеніндегі өрт былтыр 3 қыркүйекте болған еді. Соның салдарынан 11 адам жарақат алып, төртеуі көз жұмды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру