Қостанайда ауыл әйелдерінің форумы өтті
останайда республиканың ең белсенді ауыл әйелдері бас қосып, ауылдың тұрақты дамуына қатысты сындарлы ұсыныстарын білдіре алатын форум осымен алтыншы рет өткізіліп отыр.
«Ауыл әйелдерінің форумы» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын іздейтін, бастамаларды талқылайтын алаңға айналды.
Көшбасшы әйелдердің қатысуымен өтетін шаралар марафоны Қостанайдан бастау алды. Бүгінгі жиынға Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бас қосты.
Осынау ауқымды жұмыстың нәтижесі — қараша айында Астанада барлық облыстардан келген делегациялардың қатысуымен өтетін ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы болмақ.
Форумға келген 200 жуық қонақтың ішінде кәсіпкерлер мен әлеуметтік нысандардың өкілдері бар.
Қатысушылардың одан да көбі Қостанайдағы форумға онлайн қосыла алды.
Өңірлік форумдардың нәтижесі қарашада Астанада өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің VII республикалық форумы алаңында әр облыстан келген делегаттардың қатысуымен өтеді.
Форумды ұйымдастырушылар — «Қазақстанның ауыл әйелдерінің форумы», «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ