ҚТЖ басшысы жолаушыларға билетке қатысты кеңес берді
Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, жолаушылар пойызына билетті 45 күн бұрын алу керек. Сонда билет тапшылығы мәселесіне ұрынбайсыз. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев айтты.
Алматыдан Астанаға баратын жолаушылар пойызына билеттер жоқ. Билет 45 күн бұрын сатыла бастайды. Сапарын алдын ала жоспарлаған адамдар билетті 40-45 күн бұрын сатып алады. Біз жаңа жылда «Алматы-Астана» бағытында қосымша пойыздарды қосамыз, - деді Нұрлан Сауранбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ