присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

26 ақпан 2024 12:59
Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.

Сотталушылардың қатарында Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.

2024 жылдың 16 қаңтарында Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылғаны хабарланды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру