Қырғызстанда ҰҚК-нің көмегімен қылмыстық топ ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірігіп, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операция жүргізді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК жедел қызметкерлері Қырғызстандағы ірі есірткі лабораториясының жұмыс істеп жатқанын анықтады. Соның нәтижесінде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысы мен оның екі көмекшісін қолға түсірді.
Тінту кезінде 30 келі «мефедрон», 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді.
Шет елдердің құзыретті органдарымен бірігіп, халықаралық есірткі трафигінің жолдарын анықтау жұмысы одан әрі жалғасып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ