присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

14 тамыз 2023 09:54
Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-інен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаеваның айтуынша, республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңге болды, ал ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.

Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% болды. Бұл – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады, – деді Дана Мақтаева.

Айта кетсек, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру