присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қытай елімізде АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын

13 желтоқсан 2024 11:50
Қытай елімізде АЭС салуға қолдау көрсетуге дайын

Энергетика министрлігінің басшысы қытайлық серіктестерімен атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Бейжіңде Энергетика министрі мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті. Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.

Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, «Shanghai Electric» атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру