Қытайда ұзақ уақыт ұша алатын дрон шықты
Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (NPU) ғалымдары лазердің көмегімен ұзақ уақыт ұша алатын дрон жасағанын жариялады.
South China Morning Post басылымының хабарлауынша, профессор Ли Сюэлун және оның әріптестері дронды жарық энергиясын электр энергиясына айналдыра алатын модульмен жабдықтаған. Ол лазердің көмегімен дронды қашықтан зарядтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұндай мүмкіндігі бар дрон ауада өте ұзақ уақыт бола алады.
Зерттеу тобы сынақ үш жағдайда жүргізілгенін айтқан: үйде, күндізгі уақытта және түнде ашық ауада. Дрон үш жағдайда да сәтті ұшқан.
Ғалымдар жүйенің жұмыс ауқымы мен фотоэлектрлік зарядтау тиімділігін айтпады. Әзірше оны жұмбақ қалдырған. Өйткені, бұл мәліметтер әскери мақсатта қолданылуы мүмкін. Олардың баяндамасында ұсынылған анимациялық иллюстрация дронның «лазер» қозғалтқышының көмегімен зәулім ғимараттың биіктігіне көтеріле алатынын көрсетеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ