Қытайда коронавирус өршіп барады
Қытайда коронавирус өршіп барады. Эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Қолда бар деректерге қарағанда, кеше бұл елде 1 621 адам коронавирус жұқтырған. 16 151 адамның індетпен ауырып жүргендері анықталды.
Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді.
Бейжің қаласында да жағдай қиындап барады. Бұл қалада коронавирусты жұқтыру қаупі көп 240-тан аса тұрғын үй аумағы бар. Кеше Қытай астанасында 450-ден аса адамнан коронавирус анықталды. Шетелдік елшіліктер, халықаралық ұйымдар мен ірі корпорациялардың өкілдіктері орналасқан Чаоян ауданындағы эпидемиологиялық жағдай өте қиын. Онда көптеген шетелдіктер де тұрады.
Сонымен бірге Оңтүстік Гуандун, Хэнань провинциялары, Чунцин қаласы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында ауруды жұқтырушылар көбейіп жатыр деген дерек бар.
Кеше Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында бір күнде 800 адам індет жұқтырған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ