Қызылордада ҰҚК арнайы операция жүргізді
Мамырда ІІМ және ҰҚК Бас прокуратураның үйлестіруімен Қызылорда қаласында қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау үшін арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Polisia.kz.
Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Күдіктілердің қылмысын дәлелдеу қиынға соқты. Себебі криминалдық әлемде олардың байланысы көп болған. Барлық факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оның айтуынша, топ мүшелері өз мақсатын іске асыру үшін адамдарды ұрлап, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығысқа қатысқан.
Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне «қамқорлық» көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығында бопсалауға қатысты әрекеттері тексеріліп жатыр. Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр, – деді басқарма өкілі.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ