Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының тобы жойылды
Түркістан облысы Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырын тобы жойылды.
Polisia.kz мәліметінше, экстремистік топты ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен жойды.
Ұйым елімізде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуді көздеген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеясын насихаттағаны анықталды.
Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.
Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.
Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ