присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Кепілдік, қолжетімді баға, жылдамдық: қазақстандықтар курьерлерді қалай таңдайтынын айтып берді

12 қаңтар 2024 16:36
Кепілдік, қолжетімді баға, жылдамдық: қазақстандықтар курьерлерді қалай таңдайтынын айтып берді

Кепілдік, қолжетімді баға, жылдамдық: қазақстандықтар курьерлерді қалай таңдайтынын айтып берді

inDrive.Курьерлер зерттеуі

Қосымша арқылы істейтін курьерлік жеткізілім жылдан-жылға танымалдылығын арттыруда, әсіресе шағын бизнес арасында. Сатылымдар мен мерекелік маусымдар кезінде бұл жеткізу әдісі ыңғайлылығы мен пайдаланудың қарапайымдылығына байланысты одан да жоғары сұранысқа ие.

inDrive.Курьерлер сервисінің зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтар үшін жеткізуді таңдауда үш негізгі фактор маңызды: жеткізу кепілдігі немесе сақтандыру (43%), қолжетімді баға (42%) және жеткізу жылдамдығы (39%). Сонымен қатар, респонденттердің 24%-ы ғана тауарды алып кету жылдамдығын ең маңызды сапа көрсеткіші деп санайды. Назар аударатын нәрсе, inDrive деректері бойынша курьерге тапсырысты алу үшін бар болғаны 5-6 минут қажет, бұл зерттеу деректері мен қызметтің тиімділігін растайды.

Қазақстанда курьерлік қызметтер әдетте жеке жеткізілімдер үшін қолданылады, мысалы, дүкеннен сатып алынған тауарларды алу, отбасы мен достарына сәлемдемелерді жіберу және алу. Дегенмен, зерттеу көрсеткендей, курьерлік қосымшалардың әрбір бесінші пайдаланушысы (18%) оларды бизнес үшін – тұтынушыларға жеткізу немесе жеткізушілерден тауарларды алу үшін пайдаланады.

«Шағын және орта бизнес арасында курьерлік қосымшалардың танымалдылығының артуы олардың икемділігі мен пайдаланудың қарапайымдылығына байланысты. Бұл қызметтер ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасаусыз және жүргізушілерді толық күнге жалдаусыз жеткізу қызметтерін қажет ететін компанияларға көмекке келеді», - деп атап көрсетеді Анастасия Литвишкова, inDrive бизнесінің даму жөніндегі аға менеджері. «Жеткізу қосымшалары бұл процесті жеңілдетіп және қол жетімді етіп тәсілдемені өзгертті, әсіресе төмен маржаналды шағын бизнес үшін».

Сонымен қатар, зерттеуге сәйкес қазақстандықтар автокөлікпен жеткізуді жөн көреді – бұл жеткізу түрін респонденттердің жартысына жуығы (47%) таңдаған. Аймаққа байланысты жеткізу қосымшаларының пайдаланушылары көлік немесе мотоциклден велосипедке немесе жаяу курьерге дейін әртүрлі көлік түрлерін таңдай алады. Режимдердің бұл таңдауы қажеттіліктеріңізге сай құны мен жеткізу уақытын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осы себеппен көлікпен жеткізу үлкен сұранысқа ие.

Мотоциклдер мен скутерлемен жеткізуді пайдаланушылардың тек 5%-ы таңдады. Бұл көліктің осы түрлері үшін инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты болуы мүмкін.

Зерттеу әдістемесі: 2023 жылдың тамыз айында Қазақатн бойынша өткен курьерлік қызметтердің тұрақты пайдаланушыларының арасында 330 респондентпен сауалнама.

inDrive.Курьерлер қызметі туралы

inDrive.Курьерлер – бұл жеке азаматтар мен кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тапсырысты сол күні және сұраныс бойынша жеткізуге көмектесетін қызмет. Көлік компаниясын бірнеше сағат күтудің қажеті жоқ - пайдаланушылар inDrive қосымшасын бірнеше рет басу арқылы курьерлерге тапсырыс бере алады.

Жылдамдықпен қатар, сервис қолжетімділікті де қамтамасыз етеді: оның бірегей ерекшелігі - пайдаланушылар жеткізу бағасын өздері белгілей алады және оны тікелей курьермен келіседі. inDrive.Курьерлер тапсырыс пен жеткізу процесінің қауіпсіздігі мен айқындықты қамтамасыз етеді. Барлық курьерлер қолмен бекіту процесін қамтитын қатаң тексеруден өтеді. Сауалнама маңызды шарт ретінде белгілегендей, пайдаланушылар жіберілген заттарының жоспарланған  бағытпен келуін қосымшада тапсырыстарын қадағалай алады.

 

inDrive.Курьерлер туралы толығырақ https://indrive.com/ru/delivery/  сайтынан біле аласыз.

 

inDrive туралы

inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан мобильді және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп әлемдегі ең көп жүктелген сапарға тапсырыс беруге арналған қосымшалардың бірі. Сапарлардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалын, шеберді шақыру, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді секілді функцияларды қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады.

 

inDrive 45-тен астам ел 700-ден аса қалада қызмет көрсетеді. Компания білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды.

Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында

 

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру