присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Командир де жазаланады»: прокурор Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

18 сәуір 2023 14:54
«Командир де жазаланады»: прокурор Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев үстінен қылмыстық іс қозғалған Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді.

Депутаттың ұлына қатысты іс Бас әскери прокуратураның бақылауында екен. Бүгінде Қылмыстық іс аяқталып, оны сот қарап жатыр.

Сондай-ақ ведомство өкілі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметтегі сарбаз екенін атап өтті.

Ол қылмыс жасаған кезде демалыста болған, - деді әділет подполковнигі.

Мақсат Қазиевтің айтуынша, депутаттың ұлына қатысты тиісті шешімді сот шығарады. Сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, (мерзімді қызметтегі сарбаздың әрекеті үшін – авт.) командир де жазаланады.

Бұған дейін Әскери-тергеу басқармасы хабарлағандай, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, қалаға қашып кеткен.

Еске салайық, наурыз айында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда адвокаттарды соққыға жыққаны жайлы видео тарады.

Жалпы, қоғамда резонанс тудырған төбелес ақпан айында болған. Видеодан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыптыға жұдырық ала жүгіргені байқалады. Ол алдымен жігітті ұрып, сосын оның әйелін соққыға жыққан.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру